Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны артуда

14.02.2014
Қарағанды облысында кәсіпкерлер саны артуда
Қарағанды облысы әкімдігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнесті дамыту бағытында әріптестікті нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылды.
 
Жаңа құжатта Елбасы Жолдауында айтылған кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне қатысты аймақтық жоспар көрсетілген. Қарағанды облысында соңғы жылдары шағын және орта бизнеспен айналысушылар қатары артқан.
 
Олардың өндірген тауарларына деген сұраныс та артып келеді.  Тіпті олардың алды аз уақытта орташа деңгейдегі кәсіпорынға айналуда.  2013 жылдың өзінде аймақта кәсібін сәтті жүргізіп, дамудың келесі сатысына өткен осындай 100 кәсіпорын тіркелген.
 
Әлемнің жетекші елдерінде шағын кәсіпкерлік 50 пайыздан жоғары деңгейде. Соның арқасында халқының әл-ауқаты, индустриясы да жақсы.
 
Абылай Мырзахметов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы:
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысы Елбасы Жолдауында айтылған басым бағыттарды жүзеге асыруда жергілікті билікпен тығыз қарым-қатынаста. «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту» сынды мемлекеттік бағдарламалар аясында және басқа да жаңаша бастамалармен жұмыс жасауымыз керек. Ол үшін нақты жүктелген тапсырма, бағыт-бағдар айқындалып берілді.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу