«Қазақстан» РТРК» «Youtube» желісінің «күміс батырмасын» иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» «Youtube» желісінің «күміс батырмасын» иеленді

25.10.2017

«Youtube» әлеуметтік желісі «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясын сапалы контент пен жұмысы үшін «Күміс батырма» сыйлығымен марапаттады.

Бұл марапат желіде 100 мыңнан астам жазылушысы бар арналарға табысталады. Осы орайда «Корпорацияның «Балапан» телеарнасының балаларға арналған мультфильмдерінің көрсетілімі өте жоғары», - дейді мамандар. Мәселен, кейбір мультфильмдерді 2,5 миллион адам тамашалаған. Сондай-ақ, Жаңалықтар қызметі мен жастарға арналған «Жайдарман» бағдарламасының да көрермені көп.

Самсон Безмятежный, «Youtube Kazakhstan» Genesis компаниясының директоры:

- Бұл Qazaqstan телеарнасы мен біз үшін де өте қуанышты жағдай деп ойлаймыз. Өйткені, көптеген арналар интернет желілерінде белсенділік танытпайды. Ал, «Қазақстан» корпорациясының бірнеше өнімі біздің «Youtube»  желісінде зор сұранысқа ие.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу