Ұлттық банк пен Үкімет бағалардың өспеуін бақылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк пен Үкімет бағалардың өспеуін бақылайды

12.02.2014
Ұлттық банк пен Үкімет бағалардың өспеуін бақылайды
Қазақстан жаһандық қаржылық қатерлердің алдын алған алғашқы мемлекеттердің бірі. Бүгін мұны Президент жанындағы Орталық қоммуникациялар қызметіндегі брифингте   Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.
 
Ел экономикасын өркендетіп, отандық тауар өндірушілердің  сыртқы бәсекеге қабілеттілігін арттыру  валюталық саясатқа өзгеріс енгізуді талап етеді.
 
Осы орайда Ұлттық банк  теңгенің айырбастық бағамын қалыптастыру үрдісіне араласудан бас тартты
 
Валюта бағамына өзгеріс енгізудің әлемдік тәжірибеде екі әдісі бар. Бірі «баяу» екіншісі «бір сәттік».  Соңғы екі жылда ІЖӨ құрамында экспорт көлемі азайып, импорт өскен. Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетудің ең тиімді құралының бірі  валюта бағамына өзгеріс енгізу.
 
Қайрат Келімбетов  ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Біз жаңа жаһандық жағдайдағы экономикалық саясатымызды саналы түрде ұғынуымыз керек. Ол дегеніміз, барлық дамушы нарықтардың валюта бағамдары әлсіреп жатыр. Біздің негізгі сауда  әріптестеріміз - Қытай, Ресей және Еуропа нарығы да құбылмалы болып тұр. Олардағы жағдай бізге әсер етпей қоймайды. Сондықтан, валюта бағасына өзгеріс енгізу керек, деген шешімге келдік.
 
Келімбетов Қазақстанды «Жаһандық қаржылық қатерлердің алдын алған алғашқы мемлекттердің бірі», деді. Валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына серпін беріп, экспорттық әлеуеттің артуына сеп болады. 
 
Бас банкир, бұл қаржы секторындағы қалыпты құбылыс, сондықтанда биыл талай елдің  валюта саясатында осындай өзгергестер болатынын айтты.
 
 
Кезінде пайдалы қазбаға бай Бразиялия мен Венесуэла, Түркия мен Аргентина аАҚШ долларына қатысты  бағамдарын 30-40 пайызға  өзгертті.  
 
 
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Мысалы, Ресей экономикасы 20 пайызға долларланған. 20-25 пайыз жақсы көрсеткіш  саналады. Ал Қазқстанда 40 пайыз. 2012 жылы тұрғынадырдың депозиттегі ақшаларының 35 пайызы осы валютада болса, былтыр бұл көрсеткіш 45 пайызға жеткен. Біз ұлттық валютамызды қолдауымыз керек. Сол үшін тиісті шешімдерді қабылдау керек болды.
 
Жиында ақша айырбастау орындарын тек банктер құзіретіне беру бастамасы да  айтылды. Бұл бизнесті тартып алу емес. Бұл кім қанша доллар сатып алды немесе сатты, ол заңды ма, заңсыз ба, соны біліп отыру үшін қажет.
 
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Дер кезінде шешім қабылдадық деп есептеймін.  Біз жақын болашақта көрші елдерді болатын үлкен қаржылық қауіптердің алдын алдық.  Біз есесіне, көрші елдерде қандай жағдай қалыптасқандығына қарамастан, алаңдамай валюталық саясатымызды жүргізе береміз.
 
 Ұлттық банк пен Үкімет жыл соңына дейін барлық саладағы бағалардың өсіп кетпеуін қатаң қадағалайтын болады. Атап айтқанда, бағаны реттейтін барлық тиісті тетіктер іске қосылатын болады.
 
ДулатАБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу