Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру қызметі құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру қызметі құрылады

19.10.2017

Тауардың сапасы, құны және жеткізуші тараптың негізгі саладағы тәжірибесі. Ендігі жерде мемлекеттік сатып алу процесі соған қарап жүргізілуі тиіс. Мұны Қаржы министрлігі орталықтандырылған сатып алу қызметін құру арқылы шешпек. Министрлік ұсынған заң жобасындағы түзетулердің артықшылығы, бюджетті үнемдеуге және сапаны сақтауға мүмкіндік береді, - дейді. Соған орай қоғамдық тыңдау өтті. Онда мемлекеттік мекемелер немесе әлеуметтік нысандарға қажет жабдықтар бір жерден, бір уақытта тапсырыс беру арқылы сатып алу көзделіп отыр.

Ал, бұрын мұны әр орган жекелей атқаратын. Тиісінше, қамтылу мерзімі де әр түрлі, бағасы да әр алуан болады. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда сатып алу өткізу тәсілдерін де қайта қарау мен бірыңғай жүйеге келтіру ұсынылды. Онда электрондық форматқа ауыстыру, тағы басқа өзгешеліктер енгізілген. Айта кету керек, құжатты министрлік Үкіметке бұған дейін екі рет жолдаған. Екеуінде де толықтырылуы қажет деп кері қайтарылған еді. 

Сәбит Ахметов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры:

- Біздің қазіргі басты мақсатымыз - мемлекеттік сатып алуға қатысатын қатысушылардың біліктілігін көтеру. Оларға талаптарды күшейту. Себебі, қазір бізде сапа өте төмендеп кетті. Соның сапасын көтеру үшін жасалып жатқан шара.

Мысал келтірсек, мектептер көмір алған кезде өздері бөлек алады. Біреуге 20 тонна, біреуге 10 тонна керек. Ал, оның бәрін бірыңғай орталықтандырсақ ол жерде үлкен көлем шығады. Үлкен көлем бойынша бір лотпен ғана жүргіземіз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу