Мәжіліс депутаты М.Әшімбаев Қазақ-қырғыз қарым-қатынасына қатысты пікірін білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты М.Әшімбаев Қазақ-қырғыз қарым-қатынасына қатысты пікірін білдірді

18.10.2017

Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын орындау мүше мемлекеттерге ортақ - міндет. Дегенмен, біздің мемлекеттік органдар Қырғызстанның кеден бекетіндегі жағдайларды жиі сынға алып жүр. Сондай-ақ, сайлау уақытында да шекарада бақылау күшейтілген еді. Бұл қауіпсіздік үшін керек. Бірақ, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев бауырлас елдер инвестициялық, сауда-экономикалық байланыс тұрғысында бастапқы бағытынан айныған жоқ,-дейді. Қайта жаңадан сайланған президенті қарым-қатынастың одан әрі нығаюына күш салатынын айтқан. Осы тұрғыда депутат одақ жұмысына да ортақтасу керек екенін айтты. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде қол қойылған келісімдер бар. Соны барлық тараптар орындауы керек. Егер бір тарап орындап, бір тарап орындамай жатса үлкен жобаға кері әсер етуі сөзсіз.

Сол үшін ішіндегі талаптарды Қазақстанда, Қырғызстанда орындау керек. Біздің мемлекеттік органдардың айтып отырғаны Қырғызстан өз талаптарын орындамайды. Одан артық ештеңе де қойып жатқан жоқ.

Хабарламаларға жазылу