Адамды тірідей өртеген қылмыскерге үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адамды тірідей өртеген қылмыскерге үкім шықты

17.10.2017

Адамды тірідей өртеп жіберген қос қылмыскер 15 және 18 жылға сотталды. Бұған дейін алқабилер қатысуымен болған алғашқы сотта әкелі-балалы екеу ақталып шыққан еді.

Өткен жылдың тамызында қылмыскерлер 45 жасар ер адамды ұрып-соғып, үстіне бензин құйып, тірідей өртеп жібереді. Жантүршігерлік қылмысты олар мас күйінде жасаған. Алғашқы үкім ақпан айында шықты. Алайда, айыпталушылар аппеляциялық шағым беріп, жазадан құтылып кеткен еді. Бірақ, прокурорлардың араласуымен қылмыстық іс қайта қаралды. Сот үкімі бойынша енді қылмыскерлер жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді. 

Нұрлан Ғұбашев, Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы:

 - Хватов Алексей ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағы 5,7-бөлімдері бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылсын. Ал, Калашников Алексей дәл осы бапта және 60-шы бапта көрсетілген жазалармен қоса, 18 жылға бас бостандығынан айырылсын.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу