Талас Омарбеков: Тарих ғылымының деректанусыз болашағы да болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талас Омарбеков: Тарих ғылымының деректанусыз болашағы да болмайды

17.10.2017

Ежелгі тарихты терең танып білу  рухани жаңғырудың діңгегі. Ал, тарихқа дұрыс баға беру үшін мұрағаттық құжаттар мен деректану саласының маңызы зор. Елімізде осы бағытты ғылыми негіздеуге деректанушы, ғалым Қамбар Атабаев өлшеусіз үлес қосты. Оның қазақ тарихын деректану тұрғысынан дамытқан ерен еңбегін ел ұмытқан жоқ. Көзінің тірісінде жаңа бағытты қалыптастырып кеткен тарихшының қыруар ісін қазір тарихшы ғалымдар да жоғары бағалайды.

Қамбар Махамбетұлының басшылығымен 1998 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде деректану және тарихнама кафедрасы ашылған. Содан бері бұл жерден мыңдаған маман оқып, тарихтың жаңа беттерін түгендеуге ден қойды.

 Талас Омарбеков, тарих ғылымының докторы, профессор:

 - Қазіргі кезде архивтану, деректану мәселелеріне байланысты тарих ғылымында көзқарас өзгерді. Қамбардың көрегендігі ол осындай болашақтың болатынын білген екен. Қазіргі кезде архивтанушылар, деректанушылар үлкен сұранысқа ие бола бастады. Тарих ғылымының деректанусыз болашағы да болмайды. Деректерсіз тарихшы жұмыс істей алмайды. Міне, сондықтан да болашақта Қамбардың осы жұмысы болашақта әлі сұранысқа ие болатын үлкен бағыт. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу