Қазақстан мен Қырғыз Республикасының судьялары тәжірибе алмасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғыз Республикасының судьялары тәжірибе алмасады

12.10.2017

Бүгін Жоғарғы Сот жанындағы  сот төрелігі академиясы мен Қырғызстанның сот төрелігі Жоғарғы мектебі әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Оның аясында осы аптада Қырғызстан сот жүйесінің бір топ қызметкері қазақстандық әріптестерінің жұмысымен танысып, нақты сот процестерін талқылайды.

Қырғызстандық делегация құрамында осы елдің Жоғарғы сотының судьялары мен Бішкек қалалық сотының төрағасы да бар.  Аталған құжат негізінде тараптар алдағы уақытта да тақырыптық семинарлар мен біліктілік арттыру курстарын ұйымдастырып, тәжірибе алмаспақ. Жақын арада қазақстандық делегация Қырғызстанға барады.

Төлеш Қаудыров, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры:

- Біздің жоғарғы мектептеріміздің алдында тұрған мақсаттар бірдей. Қырғыз елі де, Қазақ елі де қазір өте әділ сотты талап етеді. Жұмысты жақсартудың әрине, шегі жоқ.  Біздің алдымызда басқа да мемлекеттердің жетістіктері бар. Сол себепті сот жүйесін жаңарту, жақсарту жұмысы судьялардан басталады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу