Алматыдағы Іле-Алатау мемлекеттік-ұлттық табиғи паркі «Орманшылар күнін» атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Іле-Алатау мемлекеттік-ұлттық табиғи паркі «Орманшылар күнін» атап өтті

09.10.2017

Мұнда қазір 100-ге жуық табиғатты қорғау мамандары жұмыс істейді. Мерекеге орай қоршаған ортаны күтуге айрықша үлес қосқан үздік қызметкерлер марапатталды. Ал, жалпы, еліміздің аумағының 4,5 пайызын орман алқаптары алып жатыр. Орман шаруашылығы және биоресурстар жөнінде 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағына 100-ден астам мемлекеттік ұйым кіреді. Мамандар орманды жаңартып, оны өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғайды, әрі халық шаруашылығына қажет өнімдерді өсірумен айналысады.

 Өмірзақ Ізбасаров, орман шаруашылығының ардагері:

- Орманшылардың еңбегі өте орасан. Біріншіден, орман өсіру, аң, жануарларды қорғау қажырлы жұмысты қажет етеді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу