Медиа саласы жаңа серпін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медиа саласы жаңа серпін алды

09.10.2017

«Astana Media Week» алдына қойған мақсаттарын толық орындады. Апталыққа қатысқан бұқаралық ақпарат құралдары мен продакшн компаниялар арасында қазір келіссөздер жүргізіп жатыр. Шара олардың арасындағы байланысты одан әрі нығайта түскен. «Алдағы уақытта халық тарапынан сұранысқа ие әрі сапалы жобалар көрерменге жол тартанына сенімдіміз», - деді ұйымдастырушылар.

Айбол Арғынғазинов, «Қазмедиа Орталығы» басқарушы компаниясының бөлім басшысы:

- Негізгі философиясы отандық контентті отандық өнімді Орталық Азия, Шығыс Азия нарығына ілгерілету. Оған өздеріңіз біліп отырғандай сұраныс та бар. Оған мүдделі компаниялар да бар.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу