Алматылықтар ұшақ апатынан қаза тапқан реаниматолог-дәрігер Ж. Артықбаевпен қоштасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар ұшақ апатынан қаза тапқан реаниматолог-дәрігер Ж. Артықбаевпен қоштасты

06.10.2017

Бүгін алматылықтар ұшақ апатынан қаза тапқан реаниматолог-дәрігер Жәнібек Артықбаевпен қоштасты. Қаралы жиынға оның туған-туыстары мен әріптестері келді. Профессор Жәнібек Түкенұлы медицина саласына қырық жылға жуық өмірін арнаған. Жақында ғана 60 жасқа толған Жәнібек Артықбаев Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының жансақтау бөліміне жетекшілік еткен. Білікті дәрігер асқынған жарақаттарды емдеп, талай адамның өміріне араша түскен. Ол 2015 жылдан бері 19 рет санитарлық авиация ұшағымен Қазақстанның бірнеше өңіріне барған. Жазмыштан озмыш жоқ, соңғы сапарында опат болды. Марқұмның артында жары мен екі баласы қалды. Үлкен ұлы да өзінің жолын қуған хирург маман. Сондықтан, оның игі істері халық жадында сақталады», - дейді әріптестері. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу