Германиядағы қандасымыз атажұрттағы жақындарын табуға көмек беруді өтінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиядағы қандасымыз атажұрттағы жақындарын табуға көмек беруді өтінді

05.10.2017

«Атажұрттағы ағайынды аңсаймын»,-дейді Қазақстандағы туыстарын бір көруге зар болып жүрген Германиядағы қандасымыз Мұрат Түркістан. Жат елде қалып қойған соғыс тұтқынының ұрпағы қазір Мюнхен қаласында тұрады. Ол сан жылдардан бері жақындарын іздеп, бірақ ешбір мәлімет таба алмапты.

Мұрат Түркістан атажұрттағы жақындарын табуға көмек беруді өтінді. Егер қандай да бір дерек шығып жатса, елге қарай алып ұшуға әзір.

Азат РЫСТАНБЕК

Хабарламаларға жазылу