Қарағандыда көктайғақ көлік қозғалысын тұсап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда көктайғақ көлік қозғалысын тұсап отыр

05.10.2017

Көктайғақтың кесірінен Қарағандыда жарты тәуліктің өзінде 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Түнімен жауған қар таңда мұзға айналып, көлік қатынасын қиындатқан. Қыстық дөңгелекке көшіп үлгермеген  жүргізушілер жіпсіз байланып, қалада үлкеп кептеліс орын алды.

Теміртау мен Майқұдық бағытындағы жолда да жағдай қиындап, жолаушылар діттеген жеріне бірнеше сағат кешігіп жеткен.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу