Бюджет заңнамасы жетілдіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджет заңнамасы жетілдіріледі

04.10.2017

Мәжіліс депутаттары бүгінгі жалпы отырыста бюджет заңнамасын жетілдіруге бағытталған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.  Құжатқа негізгі 6 бағыт бойынша түзетулер енгізу қарастырлып отыр. Соның ішінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдету мақсатында 1,5 мыңнан астам құжатты қысқарту ұсынылды.

Мемлекеттік және жеке әріптестік жобаларды жоспарлау процестерін 5-тен 3 кезеңге қысқарту көзделіп отыр. Яғни, жобаның тұжырымдамасы мен шарт жобасының сараптамасы алынып тасталады. Бұл жобаларды әзірлеу мерзімін 7-ден 3 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бюджетті игеру кезінде Мемлекет басшысы жүктеген талаптарға айрықша назар аудару керектігіне тоқталды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу