«Жас Ұлан» Республикалық мектебінің курсанттары қарттармен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас Ұлан» Республикалық мектебінің курсанттары қарттармен жүздесті

04.10.2017

«Қарттарым - асыл қазынам». Осындай атаумен ұйымдастырылған шарада «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің курсанттары қарттармен жүздесті. Көнекөз қариялардың тағылымға толы әңгімесін тыңдап, мерекелерімен құттықтады, үлкен концерт ұйымдастырды. Қарттар күніне орайластырылған шарада арнайы сыйлықтарын да табыс етті.

«Ертең ел қорғайтын жауынгерлер үшін ата-әжелерінің ақылын тыңдап, олардан үлгі алу өте маңызды», - дейді ұйымдастырушылар. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

           

Хабарламаларға жазылу