Түркияда жол апатына ұшыраған жерлестеріміз еліміздің емдеу мекемелерінде тиісті ем-домын алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда жол апатына ұшыраған жерлестеріміз еліміздің емдеу мекемелерінде тиісті ем-домын алып жатыр

04.10.2017

Қазіргі таңда ерлі зайыпты Нұрсұлтан Орынбасаров пен Алмагүл Нұрасылова өздері тұратын Талдықорған қаласының көпсалалалық ауруханасында оңалату процедурасынан өтуде. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің жағдайы бірқалыпты орташа деңгейде.

Денсаулықтарына алаңдаушылық туғызатын себептер жоқ. Ең бастысы оларға моральдік тұрғыда қолдау қажет. Сондай-ақ, апатта бірге болған Асыл Сағындықоваға Алматы қаласының көпсалалы ауруханасында бет сүйегіне операция жасалды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу