Елімізде ертегі терапиясы енгізілмекші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ертегі терапиясы енгізілмекші

29.09.2017

«Мектепке дейінгі мекемелердегі ертегі терапиясы: тәжірибе және болашағы». Осындай атпен алматылық ұстаздар мен тәрбиешілер бас қосқан жиын өтті. Мамандардың айтуынша, ертегі терапиясы балаларды сабырлық пен ұстамдылыққа әрі көркем мінезді болуға үйретеді. Мәселен, Батыс елдерінде қарқынды дамыған ертегі терапиясының түрлі элементтері бар. Ал, бізде бұл сала енді қолға алынып жатыр. Сондықтан, бала рухын ертегімен емдеудің санаулы әдістерін тәжірибеге енгізу қажет.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу