ҰҚКҰ әскери жаттығу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚКҰ әскери жаттығу өткізеді

29.09.2017

Қазан және қараша айларында Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы «Әскери бауырластық -2017» деген үлкен әскери жаттығу өткізгелі отыр. Оған ұйымға мүше мемлекеттердің 12 мың әскері қатысады. Ауқымды шараның қарсаңында Мәскеуде баспасөз-мәслихатын өткізген Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы біріккен штабының бастығы Анатолий Сидоров осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бірнеше кезеңнен тұратын жаттығуға 1500 дана әскери техника мен 90-ға тарта авиация күштері жұмылдырылады. Әскери жаттығу Қазақстан, Ресей, Армения және Тәжікстан елдерінің аумағында өтеді. Бұл шара қандай да бір тарапқа қарсы бағытталмаған және ол халықаралық талаптарға толықтай сай келеді.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу