Өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар күшейтілді

26.09.2017

Алматылық Төтенше жағдайлар департаменті биыл өрт сөндіру қызметі үшін 40 млн. 400 мың теңгеге мотоциклдер сатып алған. 7 айдың ішінде 40-тан астам түрлі апат кезінде қолданылған. Ал, қазір мамандар алдағы жылу маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін күшейту үшін рейд жүргізуді қолға алды. Олар қазанның 15-не дейін жергілікті полиция қызметімен бірігіп, қаладағы жеке тұрғын үйлерде тексеріс жүргізеді. Себебі, былтыр жылу маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан 256 өрт оқиғасы тіркелген. 61 адам жарақат алып, 10 адам қайтыс болған. Оның екеуі - бала.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу