Елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған 8 жол картасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған 8 жол картасы әзірленді

25.09.2017

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен арнайы жиында белгілі болды. Жаңа бағдарламада өсімдіктерді қорғау, техникалық қайта жарақтандыру, игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін тарту сияқты бағыттар бар. Мәселен, азық-түлік өндірісін дамыту картасы аясында мал және оның өнімдерінің көлемін арттыру жоспарланса, агрохимия саласы жерді тыңайтудың бірқатар нормасын ұсынбақ. Техникалық қайта жарақтандыру картасы болса, көлік ресурсын жаңартып, тауар өндірушілер кірісін 20%, еңбек өнімділігін 1,5 есеге ұлғайтып, жаңадан 1200 жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілер үшін жеңілдетілген несие де қарастырылған.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу