Биыл корейлердің Қазақстанды мекен еткеніне 80 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл корейлердің Қазақстанды мекен еткеніне 80 жыл толды

22.09.2017

Осыған орай Республика сарайында салтанатты концерт өтті. Мерекелік жиынға Оңтүстік Кореядан арнайы өкілдер келді.

Жиналғандарды Сеул ұлттық музыкалық оркесторы ерекше туындыларымен тәнті етті. Шара аясында «Қазақстан корейлері» атты энциклопедия да таныстырылды.

Бұл кітапта елінен еріксіз қуылған ұлттың қазақ жеріне қоныстанған кезеңіндегі тарихи оқиғалар мен сол кездегі саяси жағдай суреттелген.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу