МИ-2 тікұшағы апатты жағдайда қонды
Ақмола облысында апаттық жағдайда қонып отқа оранған тікұшақтың түнгі уақытта ұшуға рұқсаты болмаған. Бұл туралы бірнеше минут бұрын Азаматтық авиация комитеті төрайымының орынбасары міндетін атқарушы Тоты Әмірова айтты.
Оқиға бүгін түнгі сағат 00:40-та Ақмола облысына қарасты Ақкөл елді мекенінен батысқа қарай алты шақырым жерде болды. Негізінен борт Малоалександровка ауылынан Ақкөлге бет алған. Алайда, қонуға ыңғайланған кезде тікұшақ жерге құлдилай түскен. Салдарынан авиамеханик Балтуевтің денесін күйік шалып ауруханаға жеткізілген.
Штурвал тізгінін ұстаған Владимир Маньков және бақылаушы ұшқыш Байбосынов шұғыл ауруханаға жеткізілді.
Елдос САПАРҒАЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ҰБТ жүйесі: Грантқа түсу шарттары қалай өзгереді?
19.04.2026, 21:26
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04