Оралда төрт баланың анасын қағып кеткен тәртіп сақшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

21.09.2017

Қылмыскер жазасын қоныс колониясында өтейді. Самат Наурызов осы жылдың шілде айында автокөлігімен келе жатып, жол жиегінде такси күтіп тұрған 43 жастағы әйел мен оның 22 жастағы қызын қағып кетеді. Әйел сол жерде қаза тапты. Ал, қызы Сандуғаш Сүлейменоваға ота жасалды. Тергеу барысында айыпталушының жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені және көлікті сақтандыру полюсі жалған екені анықталды. Оның кінәсі толық дәлелденді.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу