Еліміздегі әр өңірде жұқпалы аурулардың сараптамасын  шығаратын зертханалар ашылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі әр өңірде жұқпалы аурулардың сараптамасын  шығаратын зертханалар ашылуы мүмкін

14.09.2017

Алдағы уақытта, еліміздегі әр өңірде  жұқпалы аурулардың сараптамасын шығаратын зертханалар ашылуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері инфекциялық аурулар тақырыбына арналған басқосуда осы мәселені қарастырып жатқанын атап өтті.

Жиында шетелдік  тәжірибелі мамандар біліктіліктерімен бөлісе отырып, өз елдеріндегі ахуалды жария етті. Ал, қазақстандық мамандар жұқпалы аурулардың алдын алу тұрғысында екпенің рөлі зор екенін айтты.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу