Астанадағы саммит ғалымдарға серпін берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы саммит ғалымдарға серпін берді

13.09.2017

Ислам елдері ғалымдарының еңбектері саны жағынан АҚШ пен Қытай ғалымдарынан қалыс қалып жүр. Дегенмен, олардың ғылымға қосары бар, мүмкіндіктері де зор. Бұл туралы Ұлттық биотехнологиялар орталығының директоры, профессор Ерлан Раманқұлов айтты. «Қазір мұсылман елдерінің ғылыми әлеуеті Еуропа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Ғылыми күшімізді ары қарай дамыту үшін әріптестік орнату маңызды», -  дейді ғалым.

Айта кету керек, өткен аптада Астанада Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым мен технология тақырыбына арналған алғашқы саммиті өтті. Онда бірнеше мұсылман елінің ғалымы арнайы жүлдемен марапатталды. Оның ішінде Ұлттық биотехнологиялар орталығының директоры, профессор Ерлан Раманқұлов та бар.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу