Қытайдың Наньнин қаласында  ЭКСПО «Қытай – АСЕАН» 14-ші көрмесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Наньнин қаласында  ЭКСПО «Қытай – АСЕАН» 14-ші көрмесі басталды

12.09.2017

Әдетте, тек Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ғана шектелетін маңызды шараға  Қазақстан арнайы шақыртылған. Бұл отандық тауарларымызды танытуға деген зор мүмкіндік. Осыны ескеріп, аталмыш форумға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары бастаған Үкіметтік делегация арнайы барды. Асқар Мамин, Қытай Халық Республикасындағы әріптесі Чжан Гаолимен екіжақты кездесу өткізіп, әріптестікті дамыту жайында әңгімелесті.

Аталмыш көрме аясында алғашқы Қазақстан-Қытай өңіраралық ынтымақтастық форумы да ұйымдастырылған. Жиында инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, көлік, өңдеу мен сауда-саттық салалары сөз болып, бірқатар келісімге қол қойылды.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу