Мұхтар Құл-Мұхаммед ШҚО-на сапары барысында тарихи-мәдени орындарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Құл-Мұхаммед ШҚО-на сапары барысында тарихи-мәдени орындарды аралады

08.09.2017

Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына енетін 61 жобаны жүзеге асыру үшін 28 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінбек. Бұл қаржыға өңірде музей салу, киелі жерлердегі инфрақұрылымды дамыту, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, көне жәдігерлерді іздеу сияқты көптеген игі істер жоспарланған.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында тамыры тереңге жайылған тарихи-мәдени орындарды аралады. Мұхтар Құл-Мұхаммед «Туған жер» бағдарламасы бойынша абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан Ырғызбай ата кесенесінде болып, атақты Ибн Синаның медициналық трактаттары сақталған кітапхананы көрді.

 

Хабарламаларға жазылу