Астанадағы «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында тәртіп бұзған 61 үнді азаматы елден шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында тәртіп бұзған 61 үнді азаматы елден шығарылады

08.09.2017

Олардың 23-і алдағы бір тәулікте кетеді. Ал, қалғаны 3-4 күнде. Бұл туралы бүгін Астана қаласының Еңбек және әлеуметтік қамту басқармасының басшысы Ермек Оспанов мәлімдеді.

Құрылысты жүргізіп отырған араб компаниясымен және сол елдің елшілігімен бірнеше рет кездесулер өткен. Нәтижесінде тәртіп бұзған Үндістан азаматтары түгел елдеріне қайтады. Бұдан басқа, қазақстандық тарап үнділік құрылысшылардың тәртібіне қатысты қатаң шаралар қабылдауды талап етті.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу