Кәсіподақтар федерациясының форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіподақтар федерациясының форумы басталды

07.09.2017

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы жұмысын жүйелеп, жаңа бағытқа көшуді көздейді. Олар бүгін Астанада бас қосып, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Сананы жаңғырту және кәсіподақтар» атауымен өткен республикалық форумға 150-ден астам адам қатысып жатыр.  Басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынатын іс-шаралар жоспары сөз болды. Жиынға салалық, аймақтық кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен қоса, көрші елдерден де мамандар келген.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу