Мәскеуде Астананың туристік әлеуеті таныстырылды
Қазақстанға келетін туристердің 90 пайызы ТМД елдерінің азаматтары. Ал, осы 90 пайыздың үштен бірі - ресейліктер. Алайда, көрші елден келетін адамдардың санын тағы да еселеп арттыруға болады. Сол себепті, бүгін Мәскеуде Астана қаласы мен оның туристік мүмкіндігін таныстыруға арналған роуд-шоу өтті. Оған жергілікті туристік операторлардың басшылары мен журналистер қатысты. Туризм саласына жауапты отандық мамандар жиналған жұртқа бас қаладағы қонақ үйлерден бастап, жақын маңдағы демалыс базаларына дейін тіпті, ұлттық дастарханымыз бен мәдениетімізге дейін жан-жақты таныстырды. Бұл шара Астана мен Мәскеу қалаларының арасындағы туризмді дамытып, іскерлік байланысты арттыруға ықпал етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Отбасы банк» салымшыларына арналған баспана жәрмеңкесі өтті
20.04.2026, 20:58
Есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
20.04.2026, 20:55
«Таза Қазақстан» экоакциясына 20 мың адам қатысты
20.04.2026, 20:53
Еріктілер Текелі таулы аймағын тазалады
20.04.2026, 20:51
«SuperStar KZ» байқауының кастингі Қызылорда қаласында жалғасты
20.04.2026, 20:47
15 жастағы теннисшіміз Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
20.04.2026, 20:44
Президент ақын Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты
20.04.2026, 20:37
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ отырысына қатысты
20.04.2026, 20:05