Қазақстан-Италия бизнес-форумы өз жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Италия бизнес-форумы өз жұмысын бастады

04.09.2017

Еуропаның алдыңғы қатарлы дамыған елі Италиямен экономикалық-дипломатиялық байланыс Тәуелсіздік алған жылдардан бері жанданып келеді. Әсіресе, елімізде мұнай-газ өндіру бойынша Италияның қатысушы компаниялары жеткілікті. Ал, бүгінгі бизнес-форумда Қазақстандағы жаңа мүмкіндіктер жайы айтылды. Өйткені, елімізде инвесторлардың жайлы жұмысы үшін заңдар қабылданды.

Мемлекеттік қаржыландыру және инфрақұрылым бағытында көмек көрсету нақты жолға қойылған. Осы орайда Италия кәсіпкерлері баламалы энергия көздерін өндіруге қаржы құюға талпынып отыр.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу