Шығысқазақстандық оқушылар  әскери қару-жарақтармен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандық оқушылар  әскери қару-жарақтармен танысты

04.09.2017

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында өткен оқу-әдістемелік жиын барысында жауынгерлер жастарға арнайы көрме ұйымдастырып, әр техниканың неден тұратынын бөлшектеп түсіндірді.

Сонымен қатар,  жауынгерлік формаларын киіп, қайсысы қай кезде пайдаланатынын әңгімелеп берді.

Бұдан бөлек, кинологтар қоғамдық тәртіпті бұзушылардың жолын кесу барысында иттердің атқаратын қызметінен көрініс көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді. 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу