Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан  2 мың жылдық тарихы бар монета табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан  2 мың жылдық тарихы бар монета табылды

31.08.2017

Археологтар қазба жұмыстары кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан осыдан 2 мың жыл бұрын қолданыста болған монета тапты.  Ғалымдардың айтуынша, бұл көне ақша біздің дәуіріміздегі 2-4 ғасырларда қолданыста болған. Онымен  ертедегі Қаңлы мемлекетіндегілер өзара алыс-беріс жасаған көрінеді.

Нумизматтық жәдігер мыстан құйылған. Ондаған ғасырлардан бері жер қойнауында жатқанымен пішіні өзгермеген. Бетіне салынған бедерлер де жақсы сақталған. Тарихи дүние Үшбастөбедегі қазба жұмыстары кезінде табылды.

Ежелгі Қаңлы мемлекетінің орны саналған бұл аумақты археологтар алты жылдан бері зерттеп келеді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу