Шығыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар қателесіп, бюджетке 40 млн.теңге төлем жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар қателесіп, бюджетке 40 млн.теңге төлем жасаған

31.08.2017

Мұны облыстық прокуратура анықтады. Заң бойынша төлемдерден босатылғанына қарамастан, 12 мыңнан астам адам 2015 жылдың қаңтарынан биылғы маусым айына дейінгі аралықта төлем аударып отырған. Нақтырақ айтқанда, мүгедек жандар жер мен мүлік салығын, мүлікті мемлекеттік тіркеу алымдары мен өзге де мемлекеттік баждарды төлеп келген. Прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, мұндай деректер азаматтардың өз құқықтарын білмеуі салдарынан болып отыр.   

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу