Шахтинск қаласындағы апаттан үш кенші қаза тапты (ТОЛЫҒЫРАҚ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтинск қаласындағы апаттан үш кенші қаза тапты (ТОЛЫҒЫРАҚ)

31.08.2017

Бүгін  таңғы уақытта, Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, 3 кенші қаза тапты. Таңертеңгі төрт шамасында, кенеттен метан газы ауаға тараған. Тағы бірнеше кенші ауруханаға жеткізілген. Қайтыс болған үш адамның мәйіті де бірден табылды. Марқұмдардың кім екені анықталды.

Сондай-ақ, метан газынан уланған 4 кенші Қарағандыдағы облыстық медициналық ауруханаға жеткізілген. Бүгін бірі денсаулығы жақсарған соң үйіне жіберілген.

Қазір оқиға орнында индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің кәсіби әскери апат-құтқару мамандары, төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы штаб құрылған. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу