Талдықорғандық жастар Конституция күні құрметіне орай автошеру ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандық жастар Конституция күні құрметіне орай автошеру ұйымдастырды

30.08.2017

Салтанатты шарада театрландырылған қойылым көрсетіліп, мерекелік концерт ұсынылды. Қала жастары көліктерімен тізіліп, «бірлік» сөзін құрап автошеруді бастады. Талдықорғанда қазір бірнеше автоклуб ашылған. Біркелкі маркалы темір тұлпар иелері бірігіп, өзара араласып тұрады. Мерекенің көркін қыздыру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шара – жетісулық жастардың Ата заңның мәртебесін асқақтатуға қосқан өзіндік үлесі. Қала көшелерімен сап түзеген автокөліктер саны 100-ге жуықтады. Бұл бастаманы барша көлік иелері қуана қолдай кетті. Көк байрақты желбіреткен керуен «Жастар» саябағында орнатылған биік Тудың жанында мәре сызығын кесті.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу