МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано Ұлттық арнаға сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано Ұлттық арнаға сұхбат берді

29.08.2017

«Солтүстік Корея ядролық энергияны бейбіт мақсатта емес, керісінше әлемге дөң-айбат көрсетіп отыр. Бұл аймақтың ғана емес, әлем алдындағы үлкен мәселе. Егер саяси билік мүмкіндік берсе, біз ядролық сынақты тексеріп, анықтауға әзірміз». Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Амано біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Ол ядролық қаруды таратпауда Қазақстанның белсенділік танытуын жоғары бағалады. Осыдан 26 жыл бұрын Семей полигонын жауып, ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық келісімге қол қойған Қазақстан өзін ядролық қарудан азат ел ретінде жариялады.

 

Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу