ОҚО-ның 60-қа жуық кәсіпкері өз өнімдерін астаналықтар назарына ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-ның 60-қа жуық кәсіпкері өз өнімдерін астаналықтар назарына ұсынды

29.08.2017

Көрмеде жұмсақ кілемнен бастап, ет, сүт, киім-кешек, шұжық, сусын, ойыншық, жеміс-жидек пен көкөністердің түр-түрі бар. Жалпы, кәсіпкерліктің дамуы жағынан көш бастап тұрған аймақта 178 мың кәсіпорын шоғырланған. Соңғы 7 айда Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына 14,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Соның нәтижесінде, өңірдегі шағын және орта кәсіп жандана түсті. Ауыл шаруашылығы кооперативінің саны да жыл санап артып келеді.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу