Теміртауда шағын несие беру ұйымының кассасына қарақшылық шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда шағын несие беру ұйымының кассасына қарақшылық шабуыл жасалды

28.08.2017

Бұзақының бұл әрекеті бейнебақылауға түсіп қалған. Тамыздың 27-і күні Теміртау қаласындағы кішігірім қаржы орталығында жұмыс істейтін 22 жастағы менеджер полицияға арызданған. Қызметкердің айтуынша, белгісіз біреу кассаға баса-көктеп кіріп, қолындағы пышағымен қорқытқан. Сөйтіп, 174 мың теңгені алып, тайып тұрған. Полицейлер жедел іздестіру шарасы кезінде күдіктіні құрықтады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу