Қарағандыда Ұлттық ұланға қарасты 54/51 әскери бөлімінің сарбазы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Ұлттық ұланға қарасты 54/51 әскери бөлімінің сарбазы қаза тапты

23.08.2017

Бүгін таңертең әскери бөлім қызметкерлері техниканың даярлығын пысықтаған. «УРАЛ» арнайы мамандандырылған көлігін басқаратын Тимур Перметов плац бойына тоқтап, тіркемені ағытпақ  болыпты. Осы сәтте ылдида тұрған тіркеме тежегіші ұстамай, сарбазды қысып қалады. Басынан ауыр жарақат алған сарбазға тез арада медициналық көмек көрсетіліп, қаладағы №1 ауруханаға жеткізіледі. Алайда, дәрігерлер сарбаздың өмірін сақтап қала алмады. Қайғылы оқиғаға қатысты әскери бөлімде қызметтік тексеріс басталды. Қайтыс болған сарбаздың ата-анасы мен туыстарына хабар берілді. Әскерге Оңтүстік Қазақстан облысынан шақыртылған Тимур Перметов 3 айдан соң борышын өтеп болып, үйіне қайтуы тиіс болған.  

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу