Елімізде жаңа онлайн сауда алаңы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа онлайн сауда алаңы іске қосылды

21.08.2017

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Иә, сен экспорттай аласың» атты бизнес-семинарда айтылды. Отандық тауарларды шет елдік сауда нарығына шығаруды мақсат тұтқан жобаны Ұлттық экономика министрлігі мен «Қазақинвест» ұлттық компаниясы ұйымдастыруда. «Zoodel» деп аталатын онлайн сауда алаңы арқылы енді  кез келген кәсіпкерге өнімдерін шет елдерге оңай әрі тиімді экспорттауға мүмкіндік пайда болды. Сондай-ақ, жоба аясында кәсіпкерлер сервистік және қаржылай қызмет түрлерін пайдалана алады. Сауда-саттық Таяу Шығыс және Орта Азия елдері мен ТМД елдері арасында жүзеге асырылмақ.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу