ҚМДБ «Мектепке жол» шарасын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚМДБ «Мектепке жол» шарасын өткізді

21.08.2017

Бүгін Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы «Мектепке жол» акциясын өткізді. Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың ұл-қыздарына мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйлады. Алматының мың баласына арнайы сөмкелер берілді. Бұл дәстүрлі игі шара тек Алматы емес, еліміздің барлық аймақтары мен аудандарында және ауылдарда да өткен. Басты мақсат - әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды киім-кешек, кеңсе тауарлары мен оқуға қажетті дүниелермен қамтамасыз етіп, демеу жасау.     

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу