Алматыда медициналық мекемелерде жемқорлықты жою жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда медициналық мекемелерде жемқорлықты жою жолдары талқыланды

17.08.2017

«Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар». Осындай атаумен Алматыда жиын ұйымдастырылды. Оған қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, стационар мекемелердің жетекшілері, арнайы диспансерлер мен орталықтардың, перзентханалар мен санитарлық жәрдем көрсету ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиында медицина саласында байқалатын сыбайлас жемқорлық түрлері анықталып, оларды жою жолдары талқыланды. 

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу