Алматыдан Қапшағай мен Ұзынағаш бағыты бойынша пойыздар жүре бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдан Қапшағай мен Ұзынағаш бағыты бойынша пойыздар жүре бастады

16.08.2017

Бүгін Алматыдан Қапшағай мен Ұзынағаш бағыты бойынша пойыздар жүре бастады. Күнделікті қатынайтын темір жол желісі Алматы-1-ден Қапшағайға, ал, Алматы-2 вокзалынан Ұзынағаштың «Қазыбек-бек» бекетіне қатынайды. Таңертең жолға шығып, кешке Алматыға қайтып келетін бір пойыз Байсерке, Жетіген, Іле мен Қапшағайға тоқтайды. Екінші бағыт бойынша жүретіні Ұзынағашқа жеткенше Бұрындай, Ақсеңгір, Шамалғанға аялдайды. Құрам алты вагоннан тұрады. Жолаушылар үшін өте ыңғайлы. Жолдың ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайды. Билет құны - 80 теңге. 2018 жылдың басынан вагондарға «Оңай» жүйесі орнатылмақ.    

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу