Қыркүйек айынан бастап краудсорсинг жобасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйек айынан бастап краудсорсинг жобасы іске қосылады

11.08.2017

Халық пен жергілікті басқару органдары арасында еш бөгет болмауы тиіс. Қыркүйек айынан бастап жүзеге асатын краудсорсинг жобасының мақсаты осы. Алғаш болып пилоттық жоба Батыс Қазақстан облысында жүзеге аспақ. Жаңашылдыққа «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы мұрындық болып отыр. Арнайы порталда тұрғындар арыз-шағымдарымен қатар, өздерін толғандыратын өзекті мәселелер мен ұсыныстарын жеткізе алады. Қазір интернет ресурстың жұмысы оңтайландырылып жатыр. Келіп түскен ең үздік жобалар мен бастамаларды республиканың түкпір-түкпірінен келген арнайы сарапшылар тобы анықтайды. Қазірдің өзінде белсендік танытқан тұрғындар өз ұсыныстарын жіберіп жатыр.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу