Бүгін Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында миллионыншы жолаушы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында миллионыншы жолаушы анықталды

08.08.2017

Елордалық зейнеткер Гүлсара Шурина отбасымен Атырау қаласына сапарламақ болған. Тұрғынның билеті жаңа вокзалдағы миллионыншы билет екендігі белгілі болған. Сәйкесінше, оларға вокзал қызметкерлері салтанат ұйымдастырып, құттықтады. Сыйлықтар табыстап, «миллионыншы жолаушы» белгісін берді.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» вокзалы биылғы жылдың 1-маусымында пайдалануға берілген. Жаңа вокзал тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізе алады. Вокзал ғимаратының аумағы - 120 мың шаршы метр. 

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу