Рухани жаңғыру аясындағы «Менің Отаным - Қазақстан» жобасы бойынша оқушылар туристік жорыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру аясындағы «Менің Отаным - Қазақстан» жобасы бойынша оқушылар туристік жорыққа шықты

03.08.2017

Шығыс Қазақстанның оқушылары туристік сапарға шығып, туған өлкенің тарихы, флора және фаунасымен танысып жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған үлкен жобаны алғашқылардың бірі болып «Дарын» базасының ұжымы жүзеге асыра бастады. Жазғы лагерьде тынығып жатқан 80-ге жуық оқушы екі топқа бөлініп жорыққа барып келді.  Үлкен таулардан асып, өзендерді кешіп өтіп, бір күн бойы туған өлкенің ерекшеліктерін тамашалады.

Хабарламаларға жазылу