Астанада «қауіпсіз өнім» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «қауіпсіз өнім» акциясы басталды

03.08.2017

Сіз қандай өнім тұтынасыз? Сатып алған азық-түлігіңіздің құрамында зиянды заттар бар ма? Бүгін Астана тұрғындары «қауіпсіз өнім» акциясы аясында орталық базарларда алған өнімдерін сол жерде тексеру мүмкіндігіне ие болды. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық сараптамалық орталығы бірлесіп ұйымдастырған шара аясында базардың бірнеше орнында шағын зертханалар орнатылды. Тұрғындар сатып алған жеміс-жидектер мен көкөністерінің құрамында қоспалар мен зиянды заттардың бар-жоғын 1 минут ішінде анықтай алады. Бұл акция бүгін күні бойы бірнеше базарда өткізіледі.   

Хабарламаларға жазылу