Атырау бекіре зауыты теңізге 3 млн. 600 мың шабақ жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау бекіре зауыты теңізге 3 млн. 600 мың шабақ жіберді

02.08.2017

Атырау бекіре балық өсіру зауыты бүгін 3,6 млн. бекіре тұқымдас шабақтарды Жайық өзеніне жіберді. Өйткені, тап қазір су маржандарын көбейту үшін қолайлы кезең. Жаз бойы күтіммен өсірілген шоқыр шабақтары енді Каспий теңізінің эко-қорын молайтпақ. Ал, жалпы қаладағы бекіре өсіретін қос зауыт Каспий теңізіне 19 жылдан бері 100 млн. шабақ жіберді. Бүгінде бұл мекемелерде жылына 7 млн. дана қорытпа, бекіре, шоқыр секілді балықтардың шабақтары қолдан өсіріледі.

 

Гүлназ КӘРІМЖАН   

Хабарламаларға жазылу