СҚО Республика бойынша тұрғын үйлерді қолданысқа беру жағынан 3-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО Республика бойынша тұрғын үйлерді қолданысқа беру жағынан 3-орында

28.07.2017

Солтүстік Қазақстан облысы Республика бойынша тұрғын үйлерді қолданысқа беру жағынан 3-орында, өнеркәсіп көлемі жөнінен 4-орында. Жергілікті Статистика департаменті биылғы жартыжылдықтың қорытындысын шығарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерін ортаға салды. Аймақта ауыл шаруашылығы екпінді дамып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл салада 1,1 пайызға өнім көп шығарылды. Алайда, бұған қарамастан азық-түлік бағасы қымбаттаған.

Бір қуантарлығы, облыста құрылыс қарқыны да жақсы. 6 ай ішінде 54 мың 166 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 141 пайызға артық. Өнеркәсіп орындары биыл 103,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, экономикаға өз үлесін қосты. 

 

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу